Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-да қытайлық компаниялармен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ өкілдері азаматтық өнеркәсіп саласындағы қызметті жүзеге асыратын Қытайдың бірқатар ірі машина жасау ұйымдарымен кездесті.

Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша мәселелер мен ұсыныстарды талқылады, сондай-ақ ынтымақтастық туралы меморандум мен келісімге қол қойды.

Ең алдымен, Sinohydro Bureau 14 Co., Ltd компаниясының өкілдерімен келісім жасалды. Бұл ұйым POWER CHINA корпорациясының негізгі еншілес ұйымы болып табылады.

SINOHYDRO компаниясы жүзеге асыратын жобалар гидроэнергетика, тау-кен өндірісі және басқа да көптеген салаларды қамтиды. Ұйым бірнеше жыл қатарынан ЮньНань провинциясындағы экономикалық көрсеткіштер бойынша шетелдік компаниялар арасында жетекші орынға ие екендігін айта кету керек.

Бұдан басқа, «Лянцзян Цзинкун дәл басқару жөніндегі электрондық технологиялық компания» ЖШҚ-мен инвестициялық ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім жасалды. Бұл азаматтық электронды жарылғыш заттарды өндіру үшін цифрлық Индустриялық парк құру жобасы туралы келісім болды.

Liangjiang Precise Control Electronic Technology (Chongqing) Co., Ltd. ШЫҰ елдері үшін Көпфункционалды сауда-экономикалық алаңның бөлігі ретінде құрылды.

Екі елдің кооперациясы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, Қазақстанның қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілету және Қазақстан Республикасында да, Қытайда да бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бастама бола алады.

Кері қайту