Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкері Асқар Сәдуақасовты жаңа жұмыс орнына шығарып салу

Бүгін «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ өзінің көрнекті қызметкерлердің бірі Аскар Сәдуақасовпен кәсіби мансабының жаңа сатысына көшіп жатуына байланысты мақтанышпен қоштасады.

А.К. Сәдуақасов еңбек жолын Инновациялық даму және инвестициялар департаменті жұмыскері, кейінірек Жобалық кеңсенің қызметкері ретінде жүзеге асырды.

Ол халықаралық жобаларды ілгерілету және игеруде өзін ақылды, жауапкершілікті және еңбекқор қызметкер ретінде көрсетті, жоғары кәсіби нәтижелерге қол жеткізіп, Компанияның дамуына баға жетпес үлес қосты. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Асқар Кенжебекұлына ерен еңбегі мен жұмысындағы табысы үшін шын жүректен алғыс білдіреді.

Компания корпоративтік мәдениетті және Компания ішіндегі ұжымдық қатынастарды нығайтуды қолдайды және дамытады. Өз кезегінде, қызметкерлер арасындағы ынтымақтастық пен достық қарым-қатынас кез-келген қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.

Кері қайту