Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Салтанатты шара болды

2019 жылғы 13 желтоқсанда  «Қазақстан инжиниринг» АҚ-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара болып өтті.

Ұжым алдында сөз сөйлеген Басқарма Төрағасы Қуаныш Бишімов Тәуелсіздік күні өз елінің тағдырына жауапкершілікпен қарайтын барлық қазақстандықтар үшін басты мереке болып табылатынын ерекше атап айтты.

Сонымен қатар, «Салалық машина жасау кәсіп одағы» ҚБ төрағасының орынбасары Қайырбек Құсайынов пен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ардагері, запастағы генрал-майор Серімжан Досымов құттықтау сөз сөйледі.

Рәсім барысында компанияның үздік қызметкерлері дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісі компанияның басқарушы директорі Ратмир Комратовқа, «Зенит» Орал зауыты» АҚ бас директоры Вячеслав Валиевке, компания омбудсмені Мақсұт Әбілқайырға және мемлекеттік қорғаныс тапсырыс департаментінің менеджері Сансызбай Байғазинге табыс етілді.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар Компанияның барлық еншілес және тәуелді ұйымдарында өтуде. 

«Қазақстан инжиниринг» ҰК АҚ баспасөз қызметі.

Кері қайту