Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
MRSI Holding Group-пен кездесу

Ғылыми әзірлемелер мен ғылыми-зерттеу жұмыстары аясында қытайлық mrsi Holding Group компаниясының өкілдерімен өзара тиімді ынтымақтастық жалғасуда.

11 қазанда «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-та кездесу өтті, онда «Қазақстан инжиниринг» R&D орталығы» ЖШС және қытай тарапымен бірлесіп жүргізіліп жатқан зерттеулер мен клиенттердің қажеттіліктері үшін өнімнің жаңа түрлерін әзірлеу бойынша одан әрі перспективалық даму жолдары талқыланды. MRSI Holding Group басшылығы бірлескен кооперацияға одан әрі жәрдемдесуге және заманауи өндірістерді құру мүмкіндігін қарауға дайын екенін білдірді.

Екі елдің ынтымақтастығы сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және елдегі бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етуі мүмкін.

Кері қайту