Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг»Digital Bridge 2023-ке қатысты

2023 жылғы 12-13 қазан аралығында Астана қаласында Digital Bridge 2023 Халықаралық IT-форумы өтуде.

IT-Форум индустрияның соңғы үрдістері мен даму перспективаларын талқылауға арналған алаңға айналды. Биыл ол 20 мыңнан астам қатысушы, 300-ден астам IT-компаниялардың өкілдерін, 30 елден келген делегациялардың басын қосты.

Өз кезегінде, «Қазақстан инжиниринг» № 34 стендте орналасып, көрмеге мына өнімдерді ұсынды:

  • Ұшақтар мен тікұшақтарға арналған VR тренажері, мұнда әркім өзін ұшқыш ретінде сезіне алады;
  • байланыс құралдары және радиостанциялар;
  • ұшқышсыз ұшу аппараттары;
  • қорғалған ноутбуктер.

Естеріңізге сала кетейік, 13 қазанда «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахмановтың модераторлығымен «Defense Tech - Қазақстандағы ҰҰА және шағын авиацияны дамыту» панельдік сессиясы өтеді. Сессия Қазақстанда авиациялық әзірлемелерді дамыту мен пайдалануға, сондай-ақ оларды азаматтық салада қолдануға арналады.

Өтетін күні мен орны: 13 қазан 2023 ж., «EXPO» ХКО, Мәңгілік Ел, 53/1;

Тіркелу үшін сілтеме: https://forms.amocrm.ru/rrzcmxm.

Кері қайту