Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Ш.Д. Шушпаеваны зейнеткерлік демалысына шығарып салу

13 қазанда «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-та Шушпаева Шолпан Жамбайбекқызын салтанатты түрде зейнеткерлік демалысына шығарып салды.

Ш.Д. Шушпаева Компанияда еңбек қызметін 2007 жылы Бухгалтерлік есеп және корпоративтік қаржы департаментінің менеджері лауазымында бастап, өзін білімді де білікті, өз ісіне берік және еңбекқор қызметкер ретінде көрсетіп, жоғары кәсіби нәтижелерге қол жеткізді.

Мінсіз және жемісті жұмысы үшін: Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығына және Нұр-Отан партиясының атынан (қазіргі Аманат) Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай медальдармен, сондай-ақ «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ -тың 15 жылдығына және машина жасаушы күніне орай құрмет грамоталарымен марапатталған.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Шолпан Жамбайбекқызына Компанияның дамуына қосқан сүбелі үлесі мен күш-жігері үшін алғыс білдіреді.

Кері қайту