Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Зымыран туралы жарыстар

Астана қаласындағы «Жоламан» әуеайлағының аумағында балалар арасында зымырандарды ұшыру бойынша жарыс өтті.

Іс-шараны «Авиациялық оқу орталығы» ЖШС «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және «Kaz Rockets» бірлесіп ұйымдастырды.

Жарысқа командалар да, жеке қатысушылар да қатысып, олар бір-бірімен максималды ұшу биіктігі, нысанаға жету дәлдігі, ұшу уақыты және тағы да басқа әртүрлі категориялар бойынша сынасты.

Өз кезегінде әділқазылар алқасы қатысушыларды зымыранның дизайны мен құрылысы, ұшырудың дұрыстығы мен тапсырманы дұрыс орындауы, қауіпсіздік және тиімділік сияқты әртүрлі критерийлер бойынша бағалады.

Осы типтегі жарыстар қатысушыларға инженерлік іспен айналысып көруге, дағдыларын дамытуға және ұмытылмас тәжірибе жинақтай отырып, осы саладағы басқа энтузиасттармен бәсекелесуге мүмкіндік береді.

Жазылу үшін flycamp.kz сайтында өтініш қалдыру керек немесе +7 (701) 500 8101 нөміріне хат жолдау қажет.

Кері қайту