«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-та Қазақстан Республикасының күш құрылымдарының өкілдерімен кездесу өтті.
Келіссөздер аясында «С. М. Киров атындағы зауыт» АҚ қытайлық ірі компаниялардың бірі СЕТС-пен бірлесіп радио электронды күрестің жаңа жүйелерінің (РЭК) жобалары бойынша презентация ұсынды, сондай-ақ Қазақстанда РЭК жүйелерінің өндірісін жергіліктендіру бойынша мәселелер мен ұсыныстарды талқылады.
Тараптар бірлескен кооперацияға одан әрі жәрдемдесуге және заманауи өнімдер өндірісі мүмкіндіктерін қарастыруға дайын екендігін білдірді.