Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Республика күнімен құттықтайды

Қазақстанның Мемлекеттік Егемендігі туралы Декларация 1990 жылы 25 қазанда қабылданып, тәуелсіздікке жол ашты.

2022 жылдан бастап біз ұлттық мереке мәртебесін алған Республика күнін жаңадан атап өтеміз. Бүгінгі күні бұл күн өзінің бастауы мен сабақтастығын мойындаудың, тарихи еңбегі мен халықтың мемлекеттік тәуелсіздік жолындағы ерік-жігерін құрметтеудің белгісі болып табылады.

Мерекеге сәйкес «Қазақстан инжиниринг» Компаниялар тобы презентация көрсетілімдері, мерекелік концерттер мен қойылымдар, викториналар және тағы басқа іс-шараларды өткізді.

Өз кезегінде мереке күніне орай Компания мен ЕТҰ-ның мына қызметкерлері құрмет марапаттарына ие болды:

  • «Семей инжиниринг» АҚ Жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы А. М. Баймолдинова «Ерен еңбегі үшін» медалін алды;
  • «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Қорғаныс өндірістері департаментінің бас менеджері Р. А. Қыпшақбаев Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталды;
  • «ПАМЗ» АҚ электромонтері Д.М. Махиня Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің Құрмет грамотасын алды;
  • «ПАМЗ» АҚ диспетчері Л.И. Нұралина Петропавл қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Компаниялар тобы Республика күнімен құттықтай отырып, Қазақстан халқына жаңа биіктерге жету мен өркендеуді тілейді.

Кері қайту