Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Flycamp күзгі лагері

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қолдауымен, «Авиациялық оқу орталығы» ЖШС мен «Kaz Rockets» бірлесіп ұйымдастырған 12 жастан асқан балаларға арналған күзгі лагерь жас инженерлер үшін бірегей мүмкіндік ұсынады.

Осы лагерь аясында балалар аэромодельдеу және зымыран туралы қызықты семинарларға қатыса алады, онда олар өздерінің зымырандары мен ұшақ модельдерін жасайды. Сонымен қатар, 3D модельдеу және ғарыштық технологиялар бойынша сабақтар өткізілетін болады.

Лагерь қатысушылары «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ, «Nazarbayev University» және «KazAeroSpace» ЖШС сияқты организацияларға қызықты экскурсияларға баратын болады. Бұл оларға соңғы инновациялар мен технологиялар туралы білуге мүмкіндік береді.

Жазылу үшін flycamp.kz парақшасына https://forms.gle/2ntU8iqnMsQ9VU74A сілтемесі бойынша өтініш қалдыру керек немесе +7 777 099 03 00 нөміріне хат жолдау қажет.

Кері қайту