Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» кәсіпорындарына экскурсиялар

18 қарашада «Еврокоптер Қазақстан Инжиниринг» ЖШС мен «Қазақстандық авиациялық индустриясы» ЖШС кәсіпорындарында 5 жастан 9 жасқа дейінгі балаларға арналған ашық есіктер күні өтті.

Балалар зауыттардың тәжірибелі мамандары мен «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ өкілдерінің бастауымен өндірілетін әуе кемелерінің алуан түрлері ұсынылған кәсіпорындарға барды. Онда олар түрлі әуе көліктерімен, олардың ерекшеліктерімен танысты, сондай-ақ оларды салыстырып, қызметкерлерге өздерін қызықтыратын сұрақтарды қоюға мүмкіндік алды.

Осындай іс-шаралардың нәтижесінде балалар жасынан техникалық салаға деген қызығушылығын оятып, болашақта осы бағытты зерттеуге және дамытуға болатынын түсінеді. Сондықтан «Қазақстан Инжиниринг» жас ұрпақты өндірістің әртүрлі салаларында жоғары технологиялық жүйелерді дамытуға тартуды өзекті деп санайды.

Кері қайту