Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан Aselsan инжиниринг» кәсіби цифрлық радиостанцияларын табысты игеру

Өткен жылы Мемлекет Басшысының Түркияға сапарының қорытындысы бойынша елдер арасындағы екіжақты қатынастарды нығайту мақсатында тараптар әртүрлі өнім түрлерін өндіру жөнінде уағдаластықтарға қол жеткізді.

Ағымдағы және перспективалы жобалар бойынша тиімді бірлескен ынтымақтастық, сондай-ақ Қазақстандағы Инновациялық технологиялар саласындағы ілгерілеу және мамандардың кәсіби дағдыларын арттыру мақсатында «Қазақстан Aselsan инжиниринг» ЖШС зауытында әскери және азаматтық салалардағы клиенттер үшін радиостанциялар мен байланыс құралдары өндірісі іске қосылды.

Кәсіпорын технологиялар трансферін жүзеге асырып, DMR Tier III стандарттарының кәсіби цифрлық радиостанцияларының желісін сәтті игерді.

Қазір зауыт әртүрлі күш құрылымдары мен ведомстволарға радиостанциялардың тасымалданатындарынан бастап мобильді және стационарлық түрлеріне дейін сәтті жеткізуде. Өндірілген өнімнің жалпы көлемі 10 000 бірліктен асып түсті.

Қазіргі радиостанциялардың негізгі міндеті-байланыс арналарының қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, нақты уақыт режимінде жоғары сапалы және тиімді байланыс беру.

Осы радиостанцияларда қолданылатын технологиялар сигналды қамтуды едәуір арттыруға, жиіліктерді тиімді пайдалануға, көптеген сөйлесу топтарын басқаруға, қауіпсіз желілер құруға және төтенше жағдайларды тиімді басқару үшін адамдардың орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік береді.

Aselsan түрік компаниясы «Қазақстан инжиниринг» Компаниясының маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылады. Тараптар ынтымақтастықты түрлі бағыттарда кеңейтуге ниетті.

Кері қайту