Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Aksum Marine Industries LLC өкілдерімен кездесу

23 қаңтарда «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ «Орал «Зенит» зауыты» АҚ-тың Aksum Marine Industries LLC компаниясымен ынтымақтастық туралы мәселелерді қарау бойынша кездесуін ұйымдастырды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында Таяу Шығыста және қиыр шет елдерде өзін сәтті танытқан Араб компаниясының өнімдері таныстырылды.

Тараптар Aksum Marine Industries LLC компаниясын конструкторлық және технологиялық құжаттаманың қажетті жиынтығымен, ал «Зенит» зауытын шарттық негізде бөлшектер, тораптар, жиынтықтауыштар мен агрегаттар жиынтығымен қамтамасыз ету жағдайында «Орал «Зенит» зауыты» АҚ базасында CHASER сериялы жаңа броньды қайықтарды бірлесіп өндіру мүмкіндіктерін талқылады.

Кері қайту