Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» холдингінің салықтарды аударуы мен негізгі қарыздың өтелуі

«Қазақстан инжиниринг» компаниялар тобы жұмысының маңызды қағидаттарының бірі - бизнесті ашық жүргізу, ал оның ең маңызды құрамдас бөлігі ел бюджетіне барлық белгіленген салықтарды уақтылы төлеу болып табылады.

Өткен 2023 жылы Компаниялар тобы 14,8 млрд теңге мөлшеріндегі салықты сәтті төледі.

Бұдан басқа, Компания 2016-2017 жылдары «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-та 26,2 млрд. теңге сомасына алынған қарыздарды толығымен өтеді

Соңғы жылдары «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ cash-flow бойынша оң динамика көрсетуде.

Сонымен қатар, тапсырыс берушілердің отандық кәсіпорындарда тапсырыстарды уақтылы орналастыру мәселелерінде бірқатар жүйелік проблемалар бар, соның салдарынан кейбір кәсіпорындар өндіріс бойынша жеткілікті түрде жүктелмеген. Осы мәселелер бойынша холдинг басшылығы мемлекеттік органдарға қазақстандық өндірушілерден өнімдер мен қызметтерді сатып алу механизмін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарға ұдайы бастамашылық етеді.

Кері қайту