Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Астана қаласында «Қазақстан-Башқұртстан» форумы өтті

Астана қаласында Қазақстан Республикасы мен Башқұртстан Республикасы арасындағы екіжақты қатынастарды нығайтып, одан әрі дамытуға бағытталған «Қазақстан-Башқұртстан» халықаралық форумы өтті. Іс-шараға 700-ден астам қатысушы жиналып, оның ішінде Үкімет өкілдері, кәсіпкерлер және екі республиканың сарапшылары болды.

Форум аясында пленарлық отырыс және панельдік сессиялар, жұмыс тобының отырысы, сондай-ақ мұнай-химия өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс және агроөнеркәсіптік кешен сияқты экономиканың түрлі секторларындағы компаниялардың өкілдері арасында іскерлік В2В кездесулері өтті.

«Қазақстан инжиниринг» Компаниялар тобының қызметкерлері «Әріптестік шекаралары: Қазақстан мен Башқұртстанның өңірлік ынтымақтастығындағы жаңа көкжиектер» панельдік сессиясына қатысты.

Форумға Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев пен Башқұртстан Республикасының Президенті Радий Хабиров бастаған Башқұртстаннан келген делегация және де екі республиканың бизнес қоғамдастығының өкілдері қатысты.

Кері қайту