Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасарын тағайындау туралы

Чокушева Кулазия Әділбекқызы «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Кулазия Әділбекқызы 1990 жылы 24 маусымда дүниеге келген. 12 жылдан астам уақыт Компанияда қызмет етіп, менеджерден департамент директорына дейінгі жолдан өтті. 2022 жылдың ақпан айынан бастап Активтерді басқару және корпоративтік басқару департаментін басқарды және Компанияның дамуына үнемі үлкен үлес қосып, кәсібилік пен жоғары деңгейдегі құзыреттілігін көрсетті.

Сондай-ақ, 2024 жылғы 29 қаңтарда «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Директорлар кеңесінің шешімі бойынша компанияның Басқарма төрағасы Теміржан Қайратұлы Әбдірахманов пен Басқарма төрағасының орынбасары Қуаныш Мұсымханұлы Кисиковтың өкілеттігі 3 жыл мерзімге ұзартылды.

Кері қайту