Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС H125 үлгісіндегі тікұшақты табыстады

2024 жылғы 1 ақпанда «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС-да «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-тың қолдауымен «Dala Air» ЖШС-ның тапсырыс берушісіне H125 үлгісіндегі тікұшақ тапсырылды.

«Dala Air» ЖШС Бас директоры Вячеслав Романенко отандық өндірістегі H125 тікұшақтарын Денсаулық сақтау министрлігінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мұқтаждықтары үшін пайдалануды жоспарлап отырғанын атап өтті.

H125 моделі іздеу-құтқару жұмыстарына, халыққа медициналық көмек көрсету және санитарлық іс-шараларға, өртті сөндіру, орман қорын қорғау және сақтау бойынша авиациялық жұмыстарға арналған.

Сонымен қатар, азаматтық авиация күнін мерекелеу аясында «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС зауытында зауыт қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтау өтті. Азаматтық авиация қызметкерлері күні 2023 жылы ғана бекітіліп, бүгінде алғаш рет атап өтілді.

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің басшылығы «Еурокоптер» ЖШС ұшқыштары, техниктері, авиаинженерлері жұмыстарының зор үлесін назарға ала отырып, кәсіпорын қызметкерлеріне естелік наградаларды табыс етті. Қазақстан Республикасы Көлік министрінің Құрмет грамоталарымен марапатталғандар:

  • Бас ұшқыш Байғалиев Марат;
  • Ұшқыш-нұсқаушы Шнарбеков Марат;
  • Техникалық бөлім басшысы Мукийманов Медет;
  • Авиаинженер Шамаков Серік пен Шудабаев Мырзағали.

Қазіргі уақытта зауытта авиация өнеркәсібінің дамуына атсалысып жатқан 50-ден астам жоғары білікті техниктер, ұшқыштар, авиаинженерлер жұмыс істейді.

Кері қайту