Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Autel Robotics өкілдерімен кездесу

2024 жылғы 30 қаңтарда «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ - та ұшақ шығаратын ірі халықаралық компаниялардың бірі-Autel Robotics өкілдерімен кездесу өтті.

Іс-шара аясында инновациялық мынадай әзірлемелер ұсынылды: EVO Max 4T/4N шағын ұшқышсыз ұшу аппараты және Jammer портативті анти-дрон дыбысын өшіргіш.

Кездесу ҚР күш құрылымдары үшін Autel Robotics өнімдерінің қолданылуын талқылау және ұсыну мақсатында ұйымдастырылды. Екі тарап та ұзақ мерзімді және өзара тиімді ынтымақтастықты орнатуға өзара қызығушылық танытты.

2014 жылы негізі қаланған қытайлық Autel Robotics заманауи технологияларды зерттеу саласында көшбасшы болып, технология және ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіру саласында жаңа стандарттарды белгілейді. 2015 жылы компания өзінің алғашқы Х-STAR-st дронын ұсынды, ол кеңінен танылғаннан кейін, EVO сериясын да шығарып, дамуға деген инновациялық көзқарасын көрсетті. Бұл өнімдердің жетістіктері Autel Robotics-ке әлемдік нарықтардағы беделін бекітуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар Компания АҚШ, Германия, Вьетнам, Италия және Сингапурдағы еншілес компаниялардың кең желісіне ие.

Үздіксіз зерттеулер мен жаңа әзірлемелердің арқасында Autel Robotics жаһандық ұшқышсыз ұшу индустриясында жетекші орын алады.

Кері қайту