Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Үндістан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастық жөніндегі вебинар

2024 жылғы 30-31 қаңтарда «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкерлері Қазақстан мен Үндістан арасындағы қорғаныс өнеркәсібіндегі ынтымақтастыққа арналған вебинарға қатысты.

Үндістан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшісі Нагендра Прасад, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Теміржан Қайратұлы Әбдірахманов және Әскери Атташе - полковник Дхирадж Рамананд құттықтау сөз сөйледі.

Қазақстан мен Үндістан компаниялары қорғаныс өнеркәсібінің түрлі блоктарында: қару-жарақ, бронетехниканы жаңғырту, оқ-дәрілер, электроника, артиллерия, теңіз жүйелері, қорғаныс сатып алуларында - өз презентацияларын ұсынды.

Тараптар стратегиялық ынтымақтастық және екіжақты қатынасшеңберінде белсенді өзара іс-қимыл мен тәжірибе алмасуды жалғастыруға ниет білдірді.

Кері қайту