Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» кәсіпорындарында жас кадрларды дамыту

«Қазақстан инжиниринг» компаниялар тобы жастардың, әсіресе болашақ кадрлардың дамуына үлкен көңіл бөледі. Компания техникалық мамандықтарды дәріптеу саясатын жүргізеді және колледждер мен жоғары оқу орындарында оқушыларды даярлауды жүзеге асыра отырып, кадрларды дамытуға ниетті. Бірінші кезекте бұл ғалым, инженер, конструктор, оператор, механик мамандар болады.

Осы бағыт шеңберінде «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС-да азаматтық авиация академиясының түлектері механиктер мен авиониктер позицияларында тағылымдамадан сәтті өтіп жатыр. Сонымен қатар, академияның ұшқыш студенттері үшін ұшу-жаттығу практикасы да өткізіледі.

«Қазақстан инжиниринг» кәсіпорындары Холдинг құрылымында өз білімдерін қолдануға және ел игілігі үшін жұмыс істеуге дайын белсенді, сауатты, патриот жас мамандарды тартуға мүдделі.

Кері қайту