Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Заманауи атыс қаруы мен жеке қорғаныс құралдарының тұсаукесері

20 ақпанда Қарағанды қаласындағы лицензияланған атыс тирі базасында («Steel Manufacturing» ЖШС патрон зауытында) Түрік Sarsilmaz Silah Sanayi A.Ş. компаниясының атыс қаруы («SAR» бренді) көрсетілді.

Күштік ведомстволардың өкілдері патрон зауытының оқ-дәрілерін қолдана отырып, практикалық атыс жүргізді. Сонымен қатар, іс-шарада «Тыныс» АҚ және «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС компанияларының жеке қорғаныс құралдары, радиостанциялары, оптикалық аспаптары мен көздеуіш аспаптары ұсынылып өтті. Өнімнің тұсаукесерінде өткен демонстрация оның артықшылықтары мен сапасын бағалауға мүмкіндік берді.

Жүргізіліп жатқан жұмыстың мақсаты қазақстандық кәсіпорындардың мүмкіндіктерін дамыту, олардың құзыреттерін қалыптастыру, елішілік құндылығын арттыру болып табылады. Компания Қазақстанда өндірілетін және өндіруге ұсынылатын өнімдердің барлық желісі бойынша әлеуетті тапсырыс берушілермен ашық диалог жүргізеді.

Кері қайту