20 ақпанда «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкерлері үшін БЖЗҚ өкілдерінен әлеуметтік кодекс бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпараттық жұмыс шеңберінде Қор қызметкерлері Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің құрылымы мен жұмыс істеуі туралы, сондай – ақ Әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістерге, жұмыс берушінің жаңа жарнасын енгізуге және «Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасына сәйкес жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енгізілген инновациялар механизмі туралы айтып берді.
Ұсынылған ақпарат қызметкерлерге зейнетақы жүйесіндегі инновациялар және олардың азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыруға ықпалы туралы білуге мүмкіндік берді. Мұндай іс-шаралар халық арасында түсіндіру жұмысының маңызды құрамдас бөлігі болып табылатынын, азаматтардың әлеуметтік кепілдіктері мен құқықтары туралы хабардарлығын арттыруға ықпал ететінін атап өтеміз.