Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» R&D орталығы» ЖШС өз өнімдерін Ұлттық Қорғаныс Университетінде ұсынды

Депутаттар Қазақстан кәсіпорындарының әскери-ғылыми қызметімен танысып шықты. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің өкілдерін ғылыми өндірістерге қатысты бірқатар мәселелер қызықтырды.

«Қазақстан инжиниринг» R&D орталығы» ЖШС өз өнімдерін Ұлттық Қорғаныс Университетінде өткен көрмеде ұсынды. Ұсынылған өнімдер арасында зауыттың технологиялық жаңалықтары, соның ішінде «Шағала-М», «Jetisu» көпфункционалды автономды пилотсыз жер үсті аппараты, «Қаракус» квадрокоптері және басқа да өнім түрлері болды.

Депутаттар кәсіпорын қойған өнімдерді қарап, оның заманауи технологиялық әзірлемелер саласындағы қызметін жоғары бағалады.

Кері қайту