«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-та оңтүстік африкалық Koy Technology Capital компаниясының өкілдерімен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты: «Қазақстан инжиниринг» компаниялар тобы кәсіпорындарының қызметімен және олардың өндірістік мүмкіндіктерімен танысу, сондай-ақ Қазақстан аумағында өндірісті жергілікті қамту мәселелері мен ұсыныстарын талқылау болды. Кездесудің басты мәселе ретінде Оңтүстік Африкаға отандық өндірістің ҰҰА-ларын жеткізу қаралды.
Бұл орайда, тараптар перспективалық ынтымақтастыққа дайындығын білдіріп, осы саладағы кооперацияның ықтимал бағыттарын қарастырды.
Koy Technology Capital Оңтүстік Африканың қорғаныс өнеркәсібіне арналған озық шешімдер жеткізушісі ретінде танымал.