Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
8 наурыз қарсаңындағы сұлулық байқауы

«Қазақстан инжиниринг» Компаниялар тобының корпоративтік мәдениеті: ұйым ішіндегі ерекше атмосфераны айқындайтын құндылықтар, нормалар мен көзқарастар жиынтығын білдіреді. Ол қызметкерлер арасындағы өзара қарым-қатынасты, олардың құндылықтарын, сондай-ақ олардың ортақ корпоративтік мақсаттарға қол жеткізуге деген көзқарасын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.

Алдағы Халықаралық әйелдер күні аясында «ПАМЖЗ» АҚ-та «ПАМЖЗ» АҚ сұлулық ханшайымы» байқауының нәтижелері жарияланды. Ынта-жігерге толы жарыста бірінші орынды аспаптық және кабельдік өнімдерді өндіруге мамандандырылған бірінші цехтың тобы иеленді. Екінші цехтың қатысушылары күміс медаль алды, ал бірінші цехтың қатысушысы Татьяна Билах қарсыласынан бір ұпайға озып, қола медальді жеңіп алды. Барлық қатысушылар кәсіпорында еңбекқор, әдемі және белсенді арулар жұмыс істейтінін көрсетті.

Мұндай өзара іс-қимыл қызметкерлердің тиімділігі мен кәсібилігін ынталандырады, командалық рухты қалыптастырады, шығармашылықты қолдайды және қызметкерлердің қанағаттанушылығын арттырады. Мұндай іс-шаралар ұжымды нығайтуға, қызметкерлерді ынталандыруға және кәсіпорындағы жалпы жұмыс процесін жақсартуға ықпал етеді.

Кері қайту