12 наурызда «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-та ҚР ӨжҚМ Вице-министрі А.Ө. Бесйісбеков чехиялық Omnipol компаниясы мен ҚР күш құрылымдарының өкілдерімен кездесті.
Іс-шара аясында «Қазақстан инжиниринг» кәсіпорындары базасында Чех өндірісінің ұшақтарын құрастыру, сервистік қызмет көрсету және баптау мәселелері талқыланды. Бұл авиациялық техника Қазақстан Республикасының аумағында жеке тапсырыс берушілер мен күштік ведомстволар арасында өзін көрсетті.
Сонымен қатар, тараптар азаматтық өндірістерді одан әрі дамытуға қатысты мәселелер мен ұсыныстарды қарастырып, өзара тиімді ынтымақтастық пен өнімді жергілікті қамтуға қызығушылық білдірді, зауыттардың өндірістік мүмкіндіктерін талқылады.
Құрастыру және сервистік процестерді арттыру «Қазақстан инжиниринг» Компаниялар тобына ТМД аумағында осы бағытта көшбасшы болуға мүмкіндік беретінін атап өтеміз.