Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
18 наурыз – Ұлттық киім күні

Наурызнамның мерекелік онкүндігіне орай «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкерлері Қазақстанның белгілі бір мәдени дәстүріне арналған 4 номинация бойынша бақ сынасты. Олардың ішінде:

  1. Үздік ұлттық киім;
  2. Үздік безендірілген кабинет;
  3. Ұлттық тағамдарға бай үздік дастархан;
  4. Үздік өнер көрсету.

2024 жылдың 18 наурызында Компания қызметкерлері Ұлттық киім күнін атап өтіп, дала халқының құндылықтарын бейнелейтін түрлі киімдерді киіп келді.

Қазіргі заманда ұлттық киім өзінің мәнін бұзбай, бұрынғы дәстүрлер мен қазіргі тенденцияларды үйлестіре отырып, жаңа интерпретацияға ие болғанын атап өтеміз. Ұлттық стиль елдің мәдениеті мен тарихының ажырамас бөлігіне айналды, оның ұлттық сипатына баса назар аударды.

Кері қайту