Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ барлық қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтайды!

Наурыз-бұл жай ғана табиғат мерекесі емес, бұл жан мен тәннің жаңару уақыты, өмірдің жаңа кезеңіне аяқ басуды атап өтетін кез. Дәстүрлі мәдениетте бұл мереке қуанышты, жаңаруды және қоғамдастықты бейнелейтін түрлі рәсімдермен, ән мен би, ақ дастарханмен байланысты болып келеді.

Сонымен қатар Наурыздың тарихы бізге әр қиын кезеңнен кейін үміт пен жаңару уақыты туатынын көрсетіп, өмірдің кезеңділігі жайлы ой тастайды.

Байқайтын болсақ, ежелгі мереке үйлесімді түрде заманауи өмірге кірігіп кетті. Ол ұлттық мәдениеттің жандану шарттарын сақтай отырып, қазақстандық қоғамда тұрақтылықты, бауырластықты, достық пен келісімді нығайтуда үлкен рөл атқара бастады.

Бұл тамаша мереке барша азаматтарымыздың асатын биік асулары мен көретін мол қызықтарының бастамасы болсын!

Кері қайту