Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг «R&D орталығы» ЖШС-да ведомствоаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

Астана қаласында «Қазақстан инжиниринг «R&D орталығы» ЖШС базасында «Әскери радиобайланыстың ұлттық жүйесін құруға арналған жабдықтарды әзірлеу» тақырыбындағы ведомствоаралық ғылыми-практикалық конференция өткізілді.

Конференцияға қазақстандық және шетелдік мамандар, әскери және азаматтық жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттары мен магистранттары, ғылыми мекемелердің, сондай-ақ мүдделі министрліктердің өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында байланысты ұйымдастыру және басқару, сондай-ақ байланыс құралдары мен түрлерін қолдану, байланыс және коммутация құралдарын өндіру, техникалық қызмет көрсету және жөндеу мәселелері бойынша баяндамалар тыңдалды.

Сонымен қатар, сынақ корпусында DMR, APCO-25, NXDN стандарттарының транкингтік және аналогтық радио жүйелерінің интеграциялық шлюзінің прототипі таныстырылды.

Кері қайту