Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Чехиялық кәсіпорындармен кездесу

2024 жылғы 15 сәуірде Астана қаласында Чехия Республикасы Қорғаныс Министрлігінің өкілдерімен, сондай-ақ Tatra Trucks A. S., OMNIPOL A.S., CESKA ZBROJOVKA A.S. және басқа да жетекші кәсіпорындармен кездесу өтті.

Іс-шара барысында Чехия қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының мүмкіндіктері таныстырылды. Қазақстан Республикасының кәсіпорындарында чех өнімін өндіруді жергілікті қамту, қызмет көрсету, құрастыру және баптау мәселелеріне басты назар аударылды.

Бұл іс-шара Қазақстан мен Чехия арасындағы қорғаныс-өнеркәсіп кешені саласындағы іскерлік қатынастарды одан әрі нығайтудағы маңызды қадам болып табылады. Осы саладағы ынтымақтастық екі ел үшін де стратегиялық маңызға ие. Сонымен қатар ол келешекте өндірістік процестерге инновациялық шешімдерді енгізуге және дамытуға ықпал етеді.

Кері қайту