Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» кәсіпорындары Siemens Digital Industries Software семинарына қатысты

23 сәуірде Астана қаласында DI-SOFT KAZAKHSTAN Siemens Digital Industries Software компаниясымен бірлесіп «Өнеркәсіпте өндірісті дайындау тиімділігін арттыруға арналған Siemens технологиялары» семинары ұйымдастырды. Семинарға «Қазақстан инжиниринг» компаниялар тобының кәсіпорындары қатысты.

Семинарға қатысушылар әзірлеу, өндіру және одан әрі пайдалану процестерінің тиімділігін арттыру мақсатында өнеркәсіптік кәсіпорындарды автоматтандырудың заманауи тәсілдерімен танысты.

Сонымен қатар, өнеркәсіптік сектордың жетекші компанияларында Siemens технологияларын сәтті енгізу тәжірибесінің мысалдары қарастырылды. Сондай-ақ цифрлық трансформация шешімдерін ұсына отырып, іс-шараға қатысушылар арасында белсенді тәжірибе алмасу жүріп өтті.

Кері қайту