2024 жылғы 24-26 сәуірде Астана қаласында Қазақстан мен Орталық Азиядағы Kazakhstan Machinery Fair 2024 ірі индустриялық көрмесі өтуде.
Іс-шара жаңа жабдықтарды өндірушілерді, жеткізушілерді және тұтынушыларды, машина жасау және металл өңдеу компанияларын, сондай-ақ мемлекеттік сектор мен бейінді бизнес-қауымдастықтардың өкілдерін біріктіреді. Сала мамандары үшін көрме тәжірибе алмасуға және өсу мүмкіндіктерін табуға жағдай жасайтын бизнесті дамытудың ең тиімді платформасы болып қала береді.
Өз кезегінде «Қазақстан инжиниринг» кәсіпорындары да көрмеге қатысып жатыр. ЕТҰ өкілдері саланы одан әрі дамыту жөнінде өз ұсыныстарын айтып, сауда-экономикалық ынтымақтастықты, өнеркәсіп саласындағы әріптестікті дамыту бөлігінде пікір алмасуда.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Сізді «EXPO» халықаралық көрме орталығы, Мәңгілік Ел 53/1 мекенжайы бойынша көрмеге келушілер қатарында көруге үміттенеді.