Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қоғамдық бақылау туралы

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Комплаенс қызметі 2024 жылғы 4 сәуірдегі «Қоғамдық бақылау туралы» Заң күшіне енгені жайлы хабарлайды. Жаңа Заң қоғамдық бақылауды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, сонымен қатар қоғамдық бірлестіктер мен азаматтық белсенділердің мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Қоғамдық бақылау - қоғамдық бақылау субъектілерінің осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген тәртіппен және нысандарда жүзеге асырылатын, қоғамдық бақылау объектілерінің актілері мен шешімдерінің қоғамдық мүдделерге сәйкестігін талдауға және бағалауға бағытталған қызметі.

Қоғамдық бақылаудың мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекет істерін басқаруға қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілердің қызметін заңдастыра отырып және олардың бастамаларын тиімді іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, жобаны дамыту үшін жаңа серпін болады.

Кері қайту