Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қазақ тілі клубы туралы

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Компания қызметкерлері үшін «Қазақ тілі клубы» өз жұмысын бастағаны туралы хабарлайды.

Клубтың алғашқы кездесуінде мемлекеттік тілдің рөлі, тілдік дағдыларды үнемі жетілдіру және оларды күшейту қажеттілігі, сондай-ақ клуб қызметінің болашақ жоспарлары талқыланды.

Кездесу барысында қазақ тілінің өзектілігіне және оны үйренуге қатысты ашық ақпарат көздері мен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жатқан түрлі көзқарастар пікірталасқа түсті.

«Қазақ тілі клубының» негізгі мақсаты әртүрлі тақырып аясында әңгімелесу арқылы мемлекеттік тілді дамытуға ынталандыру болып табылады.

Талқыға салынатын тақырыптар әдебиет, өмір және дәстүр сияқты аспектілерді қамтып, басында жалпы сипатта болады. Сонымен қатар, уақыт өте келе пікірталасқа іскерлік сала мен жұмыс ерекшеліктеріне қатысты тақырыптарды енгізу жоспарланып отыр.

Кері қайту