Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығын мерекелеу

Қазақстан Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында (Астана қ.) Кеңес Одағының Батыры, Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш Халық батыры, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың ғасырлық мерейтойына арналған симпозиум өтті.

Іс-шараға Қорғаныс министрлігінің басшылығы, Қарулы Күштердің ардагерлері, ғалымдар, еліміздің қорғаныс кәсіпорындарының басшылары, әскери колледж курсанттары, сондай-ақ «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері қатысты.

Атаулы күнге орай «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Т. Т. Тұрлыбаевқа, «Қазақстан инжиниринг» R&D орталығы» ЖШС Бас директоры Ғ. Н. Байсейітовке, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Кеңесшісі контр-адмирал Р. А. Комратовқа, «Семей инжиниринг» АҚ өкілдігінің директоры генерал-лейтенант Т. Ж. Жанжүменовке, «Семей инжиниринг» АҚ Кеңесшісі, генерал-майор Г. В. Носоновскийге, ҒЗТКЖ директоры Т. Н.Кайзерге, ҒЗТКЖ басқару және коммерцияландырудың бас жоба менеджері Н.К. Рамазановқа естелік белгілер табысталды.

Кері қайту