«ПЗТМ» АҚ қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған қалалық марафонға қатысты. Іс-шараны Солтүстік Қазақстан облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды. Жарысқа барлығы 70-тен астам адам қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі 3 орынды «ПЗТМ» АҚ Механикалық құрастыру жұмыстарының слесарі Дмитрий Гущин иеленді. Дмитрий кәсіпорында 3 жыл бойы жұмыс істеп, қалалық және салалық республикалық жарыстарға белсенді қатысады.