Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ-та болып қайтты

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарын аралау үшін Алматы қаласына келді.

Жұмыс сапары аясында Министр «С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ-та зауыттың жұмысымен, әртүрлі өнім түрлерін өндіру үдерісімен танысып, сондай-ақ зауыттың кәсіпорынның өндірістік қуаттарын ұлғайту жөніндегі алдағы жоспарлары туралы хабардар болды.

Сапар Министрге саланың қазіргі жағдайы және оның даму әлеуеті туралы ақпарат алуға жақсы мүмкіндік туғызды.

Кері қайту