Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Арлан» машиналарының жаңа партиясы

«Казахстан Парамаунт Инжиниринг» компаниясы ҚР Қорғаныс министрлігіне «Арлан» құрышталған дөңгелекті машиналардың кезекті жеткізілімін жүзеге асырды.

Шығарылған көліктер алдыңғы партиясының «Арлан» ҚДМ қазақстандық жағдайларға бейімделгендігімен ерекшеленгенін еске саламыз:  қысқы жағдайларда пайдалану кезінде қозғалтқышты старт алдындағы жылыту, тиімді жылыту жүйесі, қазақстанда жасалған радиостанция, сонымен бірге «Арлан» құрышталған дөңгелекті машинасы ҚДМ кабинасынан тікелей отты бақылау мен жүргізуге арналған басқарылатын жауынгерлік модулімен жабдықталған болатын.

«Арлан» ҚДМ 2018 жылғы жаңа сериясы істегі басқарылатын соғыс модуліне STANAG-1 деңгейіндегі құрышта машина кабинасынан тысқары отты жүргізуге мүмкіндік беретін жауынгерлік модулінің механикалық нұсқасын қосты, бұл атқышқа қысылтаяң жағдайларда, кез келген ауа-райында, үлкен еңісте, 3600 бағытта ұрысты жүргізу үшін тиімді қорғанысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы модуль толығымен КРЕ конструкторлық бюросы инженерлерінің әзірленімі. 

Сонымен бірге қазақстандық құрышты машинаның жинақталымына радиациялық шаңның таралуына, газды және биологиялық шабуыл сын-тегеуріндеріне жауап бере алатын радиациялық, химиялық және биологиялық (РХБ) жүйесі енгізілді. Көлік құралының сүзгішті-желдету жабдығы бірнеше сағат бойында ауаны тазарта алады.

Пайдаланушылардан алынған кері байланыс негізінде экипажға арналған эргономика артты, жылыту жүйесі жаңғыртылды. Өндірістің қазақстандық мазмұны 70% жетті.

Бұған қоса, Қазақстанның арнайы қызметтеріне жоғары баллистикалық қорғауға, сенімді трансмиссияға, үлкен сыйымдылыққа, мұндай машиналардың типтері үшін өте жоғары өтімділікке ие, кең температуралық диапазонда пайдаланыла алатын және жылдамдығын 160 км/сағ дейін арттыра алатын «Алан» құрышталған машиналардың жаңа партиясы жеткізілді.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» баспасөз қызметі

Кері қайту