Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қазахстандық кәсіпорындар «Securika Central Asia 2018» көрмесіне қатысуда

Ташкент қаласында   қазір 10-шы   «Күзет, қауіпсіздік және өрттен қорғау   – Securika Central Asia 2018» халықаралық көрмесі өтіп жатыр.

Аталған көрмеге «Қазақстан Аселсан инжиниринг» («Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) өзінің шығаратын басты өнімдерін -  түнде көру, көздеу аспаптары, тұрақты және жылжымалы   радиостанциялар,   радиоэлектрондық тұмшалау жүйелерін т.б. тұңғыш рет әкеліп отыр.

«Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ-ның тағы бір еншілес кәсіпорны «Тыныс» АҚ болса белсенді қорғану мен жекелей брондау құрылғыларын көпшілік назарына ұсынуда.

«Сыртқы нарыққа өз өнімдерін шығарудың тиімді жолдарының бірі осындай халықаралық көрмелер мен форумдарға белсенді және тұрақты қатысу болып табылады. Сондай-ақ, бұл өңдеуші өнеркәсіп пен қауіпсіздік саласындағы соңғы жаңалықтармен танысудың тамаша мүмкіндігі»,-дейді  «Тыныс»  АҚ бас директоры Қайрат Қалманбаев.

«Securika Central Asia 2018» халықаралық көрмесі 2018 жылдың 16 қарашасына дейін созылады.

«Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі

Кері қайту