Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
жаңғыртылған инженерлік техниканың әскери сынақтары

«Қазақстан инжиниринг - 811 автожондеу зауыты» АҚ-да жаңғыртылған инженерлік техника үлгілерінің тәжірибелік әскери пайдалаудың бірінші кезеңі аяқталды.

Кәсіпорында автомобиль АМК-3 ауыр механикаландырылған көпір жиынтығынан көпір құрылымымен көпіртөсеу автокөлігі және понтонды-көпір паркі жиынтығынан өзен буынын тасымалдау автокөлігі жаңғыртылған болатын.

АМК-3 ауыр механикаландырылған көпірі, сулы (өзендер, каналдар) және құрғақ (жыралар, орлар) ені 40 метрге дейінгі және тереңдігі 3 метр болатын кедергілер арқылы қатты тіректердегі 60 тонналық жүкті көтере алатын темір көпірді дәлдеуге арналған.

Понтонды-көпір паркі, су тосқауылдары арқылы көпір және салдық өткелдерді жабдықтауға қызмет етеді және жүзгіш төрт понтондық жиналатын өзен және жағалау буындарынан тұрады, буындарды, төсеніштерді және катерлерді тасымалдау үшін жабдықталған автокөліктерден тұрады.

КрАЗ-255B тасымалдау көлік құралдарының ескірген доңғалақ базасын заманауи KAMAZ-63502-ке ауыстыру мақсаты, базалық автомобилдердің ептілігін және басқарылуын жақсарту болып табылады.

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ құрамына кіретін «Қазақстан инжиниринг - 811 автожондеу зауыты» АҚ әскери және шынжырлы техниканы жаңғыртуға және қайта жабдықтауға, күрделі жөндеуін жүргізуге маманданған.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі


Кері қайту