«Мұнаймаш» АҚ-мен 2018-2021 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары әзірленді, оның шеңберінде кәсіпорын ескірген жабдықтарды ауыстыру және жөндеу мәселелерін шешеді.
Мәселен, зауытта 69 млн. теңгеден астам сомаға жабдық сатып алу және енгізу жоспарланып отыр. Азаматтық мақсаттағы өнімдердің жаңа түрлерінің өндірісін игеруге арналған түрлі электрпештері, жонғыш білдектер, шыңдау майлы ванналары сатып алынатын болады.
Бүгінгі таңда кәсіпорын қазірдің өзінде жаңа өнімнің мұнай ұңғымаларының бұрғылау құбырларында пайдаланылатын механикалық пакер (шығыршық зат) өндірісін ұйымдастырды.
«Мұнаймаш» АҚ-мен құрастырымдық құжаттама әзірленді, тәжірибелік үлгілері шығарылды. Қазіргі уақытта технологияларды игеру жүргізілуде, әртүрлі көлемдегі орауыштардың тәжірибелік үлгілері мұнай сервистік компанияларына тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар үшін жіберілді.
Сынақ нәтижесі дұрыс болған жағдайда, зауыт 2021 жылға дейін осы өнім түрлерінің 1000 бірлігіне дейін және оған жалғаспалы Қазақстан мен ТМД-дағы мұнайшығару және сервистік кәсіпорындары үшін шығару жоспарлануда.
ҚР ҚАӨМ «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының құрамына кіретін «Мұнаймаш» АҚ мұнай-газ жабдықтарын жобалау, дайындау және жөндеу жұмыстарымен айналысады.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз-қызметі
«Мұнаймаш» АҚ азаматтық мақсаттағы өнімдердің жаңа түрлерін өндіруді игереді