Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қазақстандық қорғаныс компаниялары KADEX-2018-де 20-дан астам құжатқа қол қойды
Құжаттардың қомақты бөлігін қорғаныс өнеркәсібі саласындағы қазақстандық компаниялар Астана қаласында  V Халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінің «алаңында» жетекші шетелдік компаниялардың өкілдерімен жасасты.

Мәселен,  «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы мен француздың  «Tales» компаниясы әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісті.

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Құрманғалиев пен «Tales» ТМД-дағы өкілдігінің басшысы Реми Поль тиісті меморандумға қол қойды.

«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ мен түріктің  «Otokar» компаниясы көлік құралдарын, соның ішінде бронды машина өндірісі саласындағы ынтымақтастықты дамытуды жоспарлап отыр, бұл туралы меморандумға  қос компанияның басшылары Ә. Құрманғалиев пен Сердар Гёргюч қол қойды.

Сонымен қатар, «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясының құрамына кіретін кәсіпорындар қорғаныс өнеркәсібі кешені саласындағы ынтымақтастыққа бағытталған 20-дан астам құжатқа қол қойды.

«С.М. Киров ат. зауыт» АҚ мен үнділік «Zen Technologies Limited» компаниясы күштік құрылымдардың мамандарын дайындау үшін жаттығу-құрылғыларының симуляторларының түрлі түрлерінің бірлескен өндірісі туралы келісті, тиісті келісімге екі кәсіпорынның өкілдерімен қол қойылды.

«Семей инжиниринг» АҚ мен «Әскери-өнеркәсіптік компания» (Ресей) қазақстандық зауытта жүргізілетін БТР-80 күрделі жөндеуі үшін қосалқы бөлшектерді жеткізуге келісімшарт жасасты.

Сонымен қатар БТР-80 күрделі жөндеулері үшін қосалқы бөлшектерді жеткізу бойынша қолданыстағы келісім-шартқа екі қосымша келісім жасалды.

«Семей инжиниринг» пен үндістандық «Larsen & Toubro» компаниясы БМП-1 және қосалқы бөлшектерді экспорттауға қатысты  ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 

«Тыныс» АҚ-мен «Семей инжиниринг» АҚ-да өндірілетін бұйымдардың гальваникалық жұмыстарын орындауға шарт жасалды, өндірісті оқшаулау бағдарламасы аясында  жауынгерлік машиналарды өрт сөндіру жүйелерімен бірлесіп жарақтау бойынша меморандумды, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы»  АҚ-нан - БМП-2 арналған 2А42 зеңбірек қару-жарағын сатып алу бойынша меморандум жасалды. Польшалық «Wtorplast», болгариялық «Металлика Коммерс» компанияларымен  «Семей инжиниринг» базасында экспортқа арналған брондалған техниканы жөндеу және жаңғыртуын бірлесіп өткізу туралы меморандумға, болгариялық «Терем холдинг» компаниясымен – өзара қосалқы бөлшектерді жеткізу және брондалған техниканың бірлескен жаңғыртуын жүзеге асыру жөніндегі меморандумға қол қойылды.

«Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» (ЕСКЕ) ЖШС және Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі осыған сәйкес жергілікті атқарушы орган екі Н125 тікұшағын сатып алу мүмкіндігін қарастыратын меморандумға қол қойды.

«ЕСКЕ» ЖШС және «Қазавиақұтқару» АҚ Қазақстан ІІМ ТЖК авиациасының тікұшақтар паркін 20 бірлікке (Н125, Н130 типтеріне) кеңейтуге қатысты меморандум жасасты.

«ЕСКЕ» ЖШС және «Aeroprakt.KZ» BO105 типті сегіз тікұшағын бояуды қарастыратын меморандум жасасты.

«КАЕ» ЖШС және белорустік «Белспецвнештехника» Қазақстанның Қарулы күштерінің брондалған техникасын ақаулау жөнінде шарт жасасты, жұмыстарды орындау 2018 жылдың екінші жартысына жоспарланып отыр.

«Тыныс» АҚ, «ӘСЗО»  АҚ және ресейлік «НЦПЭ» бағдарламалық қамтамасыз етуімен ҰҰА өндірісінің технологиясын әзірлеу бойынша ынтымақтастық туралы  меморандумға қол қойды.
 
Иорданиялық «First Armour KDDB» компаниясымен кевлар дулығаларын өндіру бойынша ынтымақтастық туралы меморандум, немістің «D&D Dynamit Nobel Defence» компаниясымен жауынгерлік машиналарында және ТЖ жүйелерінде қолданылатын өрт сөндіру жүйелерін әзірлеу бойынша шарт жасасты.

«Петропавл ауыр машина жасау зауыты» (ПАМЖЗ) АҚ және сербиялық «Yugoimport SDPR» Қазақстанда қару-жарақ пен әскери құрал-жабдықтарды сату, жинау және өндіру  бағыттары бойынша ынтымақтастық туралы  меморандумға қол қойды. 

«ПАМЖЗ» және ресейлік «СпецПожТех»  компаниясы ПАМЖЗ аумақтарында  жабдықтар өндірісін орналастыру бойынша ынтымақтастық туралы  меморандум жасасты.

«Қазақстан авиациялық индустриясы» ЖШС және түрік «TAI» компаниясы ҚАИ базасында ұшу аппараттарын жинау желісін құру мүмкіндігін анықтауға қатысты өзара түсіністік меморандумына қол қойды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз-қызметі
Кері қайту