Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қазақстан инжиниринг KADEX-2018 көрмесінде қару-жарақтың және әскери техниканың жаңа үлгілерін ұсынады

2018 жылғы мамырдың 23-мен 26-ы аралығында Астана қаласында бірлесіп ұйымдастырушысы ретінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ шығатын V–ші Халықаралық «KADEX» қару-жарақ пен әскери техникалық мүлік көрмесі өтеді.

«Қазақстан инжиниринг» компаниялар тобы биылғы жылы көрменің қатысушыларына әскери техниканың 57 бірлігін, сонымен қатар 162 әскери және азаматтық мақсаттағы бұйымдардың тұсаукесерін өткізетін 17 кәсіпорынмен ұсынылады.

Мәселен, «КАЕ» ЖШС жауынгерлік модульдердің жаңа түрлерін, электронды-оптикалық құрылғыларды, мобильді бағдарламалық-аппараттық кешенін, «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС әр түрлі түрленудегі тікұшақтар модельдерін - санитариядан әскериге дейін таныстырады.

«С.М. Киров атындағы машина жасау зауыты» АҚ полигон жабдықтарын, байланыс құралдары мен жаңғыртылған командалық-штабтық машиналарды, «Тыныс» АҚ - күштік құрылымдарға арналған амуницияны, сонымен қатар автокрандар мен арнайы техниканы көрсететін болады.

«КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ оннан астам жүк және арнаулы техниканы, «Қазақстан инжиниринг - 811 автожондеу зауыты» КМ-ЖБ базасында брондалған медициналық тасымалдағыш-эвакуаторды көрсетеді.

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС жаңа буынның бронды доңғалақты машиналарды ұсынады. Кәсіпорын «Барыс» бронды машинасының 6х6 және 8х8 доңғалақты формуласындағы үлгілерін, сонымен қатар 4х4 доңғалақты формуласындағы «Арлан» және «Алан» броневиктерін көрсетуді жоспарлауда.

«Семей инжиниринг» АҚ жаңартылған және конверсиялық брондытехниканың жаңа үлгілерін, «Семей машина жасау зауыты» АҚ автомобильдер мен арнайы техниканың үлгілерін шығарады. 

«Зенит» Орал зауыты» АҚ және «Гидроприбор» ҒЗИ жаңа қайықтарды ұсынады. Ғылыми-зерттеу институты навигациялық жабдықтар мен сүңгуір техникасын қояды.
«Қазақстан инжиниринг» компаниялар тобы көрмедегі «алаңында» шет мемлекеттердің қорғаныс-өнеркәсібі кешені өкілдерімен қорытындысында ынтымақтастықтың түрлі бағыттары бойынша меморандумдар, келісімдер мен келісімшарттар жасалатын бірқатар келіссөздер өткізеді. 

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ы құрамына 24 өндірістік және басқа кәсіпорын кіретін холдингтік құрылым болып табылады. Компания республиканың ірі әскери зауыттарындағы бірыңғай қаржылық, өндірістік және технологиялық саясатты қамтамасыз етеді. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-ның Жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ы болып табылады, Компания Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің сенімгерлік басқаруында тұр.

«Қазақстан инжиниринг» ҰҚ» АҚ баспасөз-қызметі


Кері қайту