Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
БАҚ үшін ақпарат

2018 жылдың 23-26 мамыр аралығында Астанадағы Халықаралық әуежайдың әскери секторы аумағында «KADEX - 2018» қару-жарақ және әскери-техникалық V Халықаралық көрмесі өтетін болады. 

Аталған іс-шара Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қамқорлығында алғаш рет өтеді.

Көрмеде жетекші әлемдік өндірушілердің қару-жарағы және әскери техника өнімдері көрсетілетін болады. «KADEX – 2018» қатысушылары қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен ғарыштық сала кәсіпорындарының соңғы жетістіктері және перспективті ғылыми әзірлемелермен таныса алады.

Министрлік іс-шараны өткізу мерзіміне (ү.ж. 23-26 мамыр) Көрмеге аккредитацияланған шетел және отандық БАҚ өкілдері үшін келесі маршрут бойынша жүретін көлікті (2 автобус)  ұйымдастырды: Қазмедиаорталығы – «KADEX – 2018» көрмесі – Қазмедиаорталығы.

Жиналу орны: Қазмедиаорталығы (Астана қ., Қонаев көшесі, 4).

Жиналу уақыты: 07:30 сағ., шығу уақыты: 08:00 сағ.

Іс-шараны өткізу орнынан («KADEX – 2018» көрмесі) жиналу орнына (Қазмедиаорталығы) дейін шығу уақыты: 17:00 сағ.

Байланыс тұлғалары: Әмірова Айнұр (+7 701 181 65 65), Кокишева Гүлназ (+7 702 555 98 95).

Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


Кері қайту