Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«KADEX-2018» көрмесінде жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылады

Оннан астам жүк және арнаулы өлшемі техниканы V Халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік «KADEX-2018» көрмесінде «КАМАЗ-Инжиниринг» қазақстандық-ресейлік бірлескен кәсіпорны көрсетеді.

Олардың ішінде шанақ-күймесі бар жөндеу-қалпына келтіру және аккумуляторлық батареяларды зарядтау станция, көп мақсатты автокөліктерді жөндеу, техникалық қызмет көрсету және эвакуациялауға арналған техникалық көмекші машина бар.

Көрмеге келушілердің назарын арнайы техниканы тасымалдауға, қосуға және пайдалануға, жер үстіне орналастыру мен командалық құрам өкілдерінің жұмысын қамтамасыз етуге арналған шанақ-күймесі ұсынады.

КАМАЗ 43118 шассиіне орналасқан жеке құрамын тасымалдауға арналған вахталық автобус, өзі аударғыш автомобиль, автожанармайқұйғы, борттық платформа, КАМАЗ шассиінда экскаватор мен бұрғы-кран машинасы қойлады.

«КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ - Қазақстандағы ең техникалық жабдықталған және әкімшілік жаңартылған кәсіпорындардың бірі. Бүгінгі таңда зауыт 12,5 мыңнан астам КАМАЗ автокөлігін өндірді. Бұл самосвалдар, борттық машиналар, тартқыштар, вахталық автобустар, ауыз суға және техникалық суға арналған автоцистерналар, коммуналдық көліктер. «КАМАЗ» шассиінде 85 модель және 98 әр түрлі модификациялау автомобильдар мен арнайы техника.

«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясымен бірлесіп автомобильдерді құрастыру 2005 жылы Көкшетау қаласында құрылды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасаз-қызметі


Кері қайту