Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Кәсіпорындардың директорларымен есептік кездесу

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Құрманғалиев еншілес және тәуелді ұйымдар  басшыларының кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметі және даму келешектері туралы есептерін тыңдады.

Кәсіпорындардың басшылары түйінді мәселелері мен оларды шешу жолдары туралы баяндады.

Басқарма төрағасы кәсіпорындардың қызметінің жақсаруын атап өтті.

Сонымен қатар, ол зауыттарды және ғылыми-зерттеу институттарын дамытудың жаңа жоспарларын құру, кәсіпорындардың корпоративтік басқару және стратегиялық жоспарлау бойынша жұмысты күшейту қажеттігін атап өтті.

Есептілік кездесуінде сондай-ақ, өткен Үкімет сағатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен көтерілген мәселелер талқыланды.

Басқарма төрағасы кәсіпорындардың басшыларына мемлекеттік қорғаныс тапсырыстарының орындау мерзімдерін қатаң сақтауға, сервистік қызмет көрсетулер және өндірілген техника мен қару-жарақтарға одан әрі қызмет көрсету үшін жаңа қызмет түрлерін енгізуді тапсырды.

Тұтастай алғанда, Ұлттық компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарына еліміздің қорғаныс-өнеркәсіптік кешенін тиімді дамыту үшін қолда бар ғылыми және өндірістік әлеуетін толық көлемде пайдалану жөн болады.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасаз-қызметі


Кері қайту