2018 жылдың 23-26 мамыры аралығында Астана қаласындағы Халықаралық әуежайдың әскери әскери секторы аумағында өтетін V Халықаралық қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік «KADEX - 2018» көрмесіне алыс-жаөын шетелдік ірі кәсіпорындардың басшылары мен Қорғаныс миинстрлері қатысады.
Бүгін Ресей, Белоруссия, Қырғызстан, Армения, Иран, БАӘ, Түркия, Иордания және басқа елдердің Қорғаныс министрлерінің бастамасымен 21 ресми өкілдер Көрмеге қатысуын растады.
Әзербайжан, Египет, Израиль, Италия, Монголия және өзге елдердің қорғаныс мекемелерінің өкілдері де келеді. Сонымен қатар 98 шетелдік кәсіпорындардың басшылары «KADEX - 2018» көрмесіне қатысуға ниет білдірді.
Экспонент ретінде «KADEX - 2018» Көрмесінде Беларусь, Бельгия, Болгария, Бразилия, Германия, Израиль, Индия, Испания, Италия, ҚХР, Нидерланды, РФ, АҚШ, Сербия сияқты әлемнің 26 елінен 294 кәсіпорын өз өнімдерін көрсетеді.
Көрмеде әлемнің жетекші өндірушілернің қару-жарақ және әскери техника, әскери және екі мақсаттағы өнімдері ұсынылады.
«KADEX – 2018» көрмесінің келушілері қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен ғарыш саласының соңғы жетістіктері мен келешегі бар ғылым жаңалықтарымен таныса алады.
Көрмеде негізгі басымдық электронды жүйеге, байланыс жүйесіне және қару-жарақпен басқаруға, ақпараттық қауіпсіздікте замануи шешімдерді іздеуге беріледі.
Бұдан бұрын айтылғандай, «KADEX» Қазақстан Республикасы Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қамқорлығында өтетін алғашқы көрме.
Оған қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен ғарыш саласындағы отандық және шетелдік кәсіпорындар, ақпараттық қауіпсіздік бойынша жетекші ғылыми-зерттеу институттары мен конструкторлық бюролар қатысады.
Қазақстанның астанасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай «KADEX - 2018» көрмесі жаңа форматта өтеді. Көрменің ғылыми-іскерлік бағдарламасы аясында алғаш рет «Қазақстандағы ғарыш күндері» Халықаралық форумы өтеді және «Cyber and Digital Security» и «Advanced Def Tech» конференциялары ұйымдастырылады.
Көрменің алғашқы күні ҚР ҚАӨМ, ҚР АКМ, «Қазпочта» АҚ басшылары мен шетелдік құрметті қонақтардың қатысуымен Қазғарыштың 25 жылдығына арналған «KADEX - 2018» эмблемасымен бірге арнайы почта мөрқалыбы соғылған алғашқы күн конверті почталық марканы соғу салтанаты өтеді. Кез келген адам естелікке Көрме аумағынан марка мен почта мөрқалыбы соғылған конвертті ала алады.
Сонымен бірге «KADEX – 2018» көрмесі көпшілік үшін аралауға а.ж 25-26 мамыр аралығында ашық болады.
Анықтама: «KADEX» көрмесі 2010 жылдан бері өткізіліп келеді және ол мынандай жағдайлар үшін тиімді болып табылады:
- қорғаныс өнеркәсібі өнімдерін өндірушілер мен тұтынушылар арасында өзара тиімді байланысты орнату мен дамыту үшін қолайлы жағдай жасауға және Қорғаныс күштерін технологиялық тұрғыда жаңғырту мәселелері жөнінде тәжірибе алмасуға ;
- республикаға шетелдің ірі әскери және арнайы мақсаттағы өнімдерін өндірушілері мен жасаушыларын тартуға, отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарымен кооперациялық ынтымақтастықты дамытуға, қару-жарақты, әскери және ғарыш техникаларын бірлесіп модернизациялау мен өндіру;
- отандық кәсіпорындардың экспорттық поменциалы мен дамуына, олардың өнімдерін шетел нарығына шығаруға әрекет етуге;
- отандық қорғаныс-өнеркәсіп кешені өнімдерінің замануи үлгілерін көрсету мақсатында олардың әлемдік нарықта бәсекеге қабілетілігін арттыруда.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
«KADEX - 2018» көрмесіне шетелдік Қорғаныс миинстрлері қатысады