Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Дариға Назарбаева Петропавл зауыттарын аралады

ҚР Парламентi Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы Дариға Назарбаева бастаған комитет мүшелерi Солтүстiк Қазақстан облысында жұмыс сапарымен жүр.

Бiрiншi күнi жоғарғы палатаның депутаттары Петропавлдағы iрi кәсiпорындарды аралады.

Киров атындағы зауытта Сенат депутаттарына механикалық цехтiң және жоғарғы монтаж учаскесiнiң жұмысы көрсетiлдi. «ЗИКСТО» зауытында жүк вагондары және арнайы өнiмнiң өндiрiсi жайында айтылды. ПАМЖ зауытында сенаторлар энергетикалық машина жасау цехiнiң жұмысымен танысты.

Солтүстік Қазақстан облысының ресми интернет-ресурсы


Кері қайту