Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қазақстан инжиниринг бірнеше активін саудаға шығарды

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ келесі активтер бойынша ашық екі кезеңдік конкурс өтетінін хабарлайды:

«Семей машина жасау зауыты» АҚ-ның 51% жай акциясы, бастапқы құны – 1 217 642 595 теңге;

«Тыныс» АҚ-ның 51% жай акциясы, бастапқы құны – 3 817 457 355 теңге;

«Қазақстан авиациялық индустриясы» ЖШС-нің 50% қатысу үлесі, бастапқы құны – 4 785 743 000 теңге.

Конкурстық құжаттамамен және ашық екі кезеңдік конкурстың хабарламасымен «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ веб-порталында (www.ke.kz) танысуға болады.

Ашық екі кезеңдік конкурсқа өтінімдерді қабылдау 2018 жылдың 16 наурызында басталып, сәуірдің 30-ы Астана уақытымен сағат 12.00-де аяқталады.

Конкурс «Самұрық-Қазына» АҚ және дауыс беру акцияларының елу пайыздан астамы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-на меншік ретінде тиесілі болған ұйымдардың «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген активтерін сату және қайта құрылымдаудың бірыңғай ережелері мен «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқармасы бекіткен конкурстық құжаттамаларға сәйкес жүргізіледі.

Кері қайту