Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Phone +7(7172)72-52-52

Жаңалықтар

Болашақ инженерлер «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауытында болды

Бүгін «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» зауыты өзінің өндірістік алаңында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттік тобына арнап тәжірибелік сабақ өткізді. 

Жоғарғы оқу орнының болашақ түлектері өндірістік кәсіпорынға алғашқы рет келіп тұрғандарын айтып, өздері үшін шынымен де қызық болғанын жеткізді. 

Кәсіпорынның қызметкерлері студенттер үшін сабақты үлкен қызығушылықпен өткізіп, броньды дөңгелекті машинаның барлық өндірістік қыр-сырымен бөлісті.   

«Техникалық факультеттің студенттері үшін теориялық білімді пысықтау мақсатында сабақты осындай зауыттарда өткізу әлдеқайда тиімді», деп санайды екінші курстың студенті Әйгерім Нұрғали. 

Ағылшын тілінде білім алатын көлік-энергетика факультетінің «Стандарттау және сертификаттау» кафедрасы студенттері келесі өндірістік тәжірибесін аталмыш зауытта өткізетінін жоспарлап отыр. 

«Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясының еншілес және тәуелді кәсіпорындары мектеп оқушылары мен студенттерге кәсіби-бағдарлау экскурсиясын тұрақты түрде жүргізіп тұрады.   

«Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС баспасөз қызметі

Тізіміне оралу